16 қараша 2021 17:19

Тоқаев қазақстандықтардың несие тарихы бойынша тапсырма берді

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтардың несие тарихын жаңарту мәселесін зерделеуді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтардың несие тарихын жаңарту мәселесін зерделеуді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында сөйлеген сөзінде кейінгі жылдары елде алаяқтық қылмыстардың саны өсіп келе жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, 2021 жылдың 9 айында елімізде 32 мың алаяқтық дерегі тіркелген. Олардың жартысы интернет арқылы жүзеге асырылған.

"Мұндай жағдайлар несие тарихындағы өзгерістердің 15 жұмыс күніне дейінгі мерзімде жаңартылуына байланысты болып отыр. Сонымен қатар, бір адам түрлі банктен бірнеше несие алғаны анықталды. Несие берушілер азаматтардың қарыз жүктемесінің күрт өсуін көрмейді, оны жалпы есептей алмайды. Бұл теріс сипаттағы қарыздарды ұлғайтып, қаржы нарығының субъектілеріне теріс әсер етеді. Кеңес мүшелері бұған дейін несие бюросына ақпарат беру мерзімін бір жұмыс күніне дейін қысқартуды ұсынған болатын. Бұл ұсынысты зерделеген жөн", - деді Мемлекет басшысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети