15 сәуір 2022 16:38

Тоқаев Қазақстанның ҚХР-дағы жаңадан тағайындалған елшісін қабылдады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Қазақстанның ҚХР-дағы жаңадан тағайындалған елшісі Шахрат Нұрышевты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.


Мемлекет басшысы Қазақстанның ҚХР-дағы жаңадан тағайындалған елшісі Шахрат Нұрышевты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Кездесу барысында Президент Қытай Халық Республикасымен арадағы жан-жақты стратегиялық серіктестікті  одан әрі нығайту мәселесіне назар аударды.

Жоғары деңгейдегі келісімдерді, соның ішінде Мемлекет басшысының биылғы ақпан айында Пекинге жасаған сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру қажет екеніне баса мән берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев көлік-транзиттік ықпалдастықты, экономиканың маңызды секторларындағы серпінді инвестициялық жобаларды дамытудың, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық саласындағы байланыстарды нығайтудың маңызды екенін атап өтті.

Халықаралық және өңірлік деңгейдегі, соның ішінде ШЫҰ, АӨСШК алаңдарындағы байланыстарды нығайту мәселелері де жаңадан тағайындалған Елшінің жұмысындағы маңызды бағыттардың қатарына қосылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.04   490.7   5.05 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети