30 қыркүйек 2022 12:26

Тоқаев Қазнетке жасалған шабуылдарға қатысты пікір білдірді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық фото: elements.envato.com Иллюстрациялық фото: elements.envato.com

Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысына жұмыс сапары барысында интернеттің қазақстандық сегментіне жасалған кибершабуылдар туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысына жұмыс сапары барысында интернеттің қазақстандық сегментіне жасалған кибершабуылдар туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінде елімізде үлкен саяси науқан басталғанын атап өтті.

"Әрине, сайлаудан кейін түрлі пікірталастар болады. Оның үстіне ел мүддесіне қайшы келетін, тіпті жалған ақпарат тарататын адамдар пайда болуы мүмкін. Бұған абай болу керек", - деді ол.

Сондай-ақ, Тоқаевтың айтуынша Президент сайлауы өтетін уақыт жарияланғаннан кейін түрлі фейктер таралып, кибершабуылдар күшейе түседі.

"Бұл жай емес. Белгілі бір сыртқы күштер Қазақстанда дүрбелең тұрғызуды көздеп отыр. Олардың бар ойы елдегі оң өзгерістерге тосқауыл қою. Бірақ біз бұл жолдан жаңылмаймыз", - деді Мемлекет басшысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети