1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Тоқаев Келімбетовке бірқатар тапсырма берді04 қыркүйек 2020, 12:51

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Астана" халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесуде Мемлекет басшысының биылғы 1 қыркүйекте Қазақстан халқына арнаған Жолдауын іске асыру және экономикалық өсімді қалпына келтіру мәселелері талқыланды.

Мемлекет басшысы тікелей және портфелді инвестиция тарту жұмыстары кезінде өңірлік үйлестірудің маңызына ерекше тоқталды.

Қайрат Келімбетов Президентке Қаржы орталығының 2025 жылға дейінгі Даму стратегиясына сәйкес АХҚО жұмысын жаңғырту жайын баяндады.

Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар нақты тапсырма берді. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Алматыда митинг өтті