Тоқаев кімді шын патриот санайтынын түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев кімді шын патриот санайтынын түсіндірді Фото: Турар Казангапов

4 маусымда Қасым-Жомарт Тоқаев Астанадағы "Атамекен" этномемориалды кешенінде Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты. Президент өз сөзінде елдің Егемендігі, Тәуелсіздігі – ең маңызды, ең қастерлі құндылығымыз екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


4 маусымда Қасым-Жомарт Тоқаев Астанадағы "Атамекен" этномемориалды кешенінде Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты. Президент өз сөзінде елдің Егемендігі, Тәуелсіздігі – ең маңызды, ең қастерлі құндылығымыз екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы біз өркениетті әрі озық ойлы ұлт ретінде өзімізге сенімді болуымыз керек екенін айтты. Ешкімге жалтақтамай батыл әрекет етуіміз қажет.

"Бұдан басқа жол жоқ. Мақсаты айқын, көзі ашық, көкірегі ояу азаматтарымыз мемлекет тағдырына жауапты екенін терең түсінеді. Олар еріктілер қатарына қосылып, қайырымдылық жасап, маңызды бастамаларды табысты іске асырып жүр. Нағыз отаншыл адам көзбояушылыққа бармайды, шын патриот ел мүддесі үшін табанды еңбек етеді. Жасампаз отаншылдық дегеніміз де – осы", - деді Мемлекет басшысы.

Президент Мемлекет үшін бір күннің қамы емес, болашақтың жайы маңызды екенін айтты.

"Сондықтан біз Абайдың ұлағатына сай «ақырын жүріп, анық басамыз». Ұлт мүддесін бәрінен биік қойып, алысқа көз тігеміз. Төл тарихымызға құрметпен қарап, ұрпақтар сабақтастығын сақтауға баса назар аударамыз. Бұл бағытта белсенді жұмыс істелуде. Жошы хан жерленген Ұлытау аймағына облыс мәртебесі берілді. Елімізде Жошы ұлысын зерттеу институты құрылды. Біз бұл мекеменің ғылыми әлеуетін күшейте береміз. Көп ұзамай Қазақстан тарихының жеті томдық академиялық еңбегі жарыққа шығады. Оның бір томы түгелдей Алтын Орда тақырыбына арналды", - деді Президент.

Суреттер: Ақорданың баспасөз қызметі

Президент мемлекетіміздің үштағанын атады

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 485.34   567.94   6.67 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +30
Астана +28
Ақтау +21
Ақтөбе +17
Атырау +25
Б
Балқаш +27
Ж
Жезқазған +27
Қ
Қарағанды +27
К
Көкшетау +22
Қ
Қостанай +30
Қызылорда +31
П
Павлодар +26
Петропавл +31
С
Семей +31
Т
Талдықорған +27
Тараз +31
Түркістан +23
О
Орал +30
Ө
Өскемен +29
Ш
Шымкент +27

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер