Тоқаев қоқыс полигондарындағы өрт мәселесін “шұғыл және түпкілікті“ шешуді тапсырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев қоқыс полигондарындағы өрт мәселесін “шұғыл және түпкілікті“ шешуді тапсырды Фото © Tengrinews.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алатау өңіріндегі полигон өрттерін жоюды және бүлінген жерлерді қалпына келтіруді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордағы сілтеме жасап.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алатау өңіріндегі полигон өрттерін жоюды және бүлінген жерлерді қалпына келтіруді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордағы сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде инвестициялық жобаларды іске асыру үшін жер телімдерін пайдаланудың айрықша шарттары әзірленгенін мәлімдеді. Аталған құқықтық режим Конституциялық заң арқылы бекітілді.

"Арнайы басқару режиміне сәйкес Кеңестің, Реттеуші комиссияның және қала әкімшілігінің құзыреттері нақты белгіленді. Сондықтан қағазбастылыққа салынбай, барынша жедел және сапалы жұмыс істеу керек. Алдымен баса назар аударатын мәселелерді қолға алу қажет. Мысалы, қоқыс полигондарынан үнемі өрт шығады, бұл мәселені шұғыл және түпкілікті шешкен жөн", - деді Президент.

Мемлекет басшысы бүлінген жерлерді қалпына келтіру жұмысын да назарда ұстау қажет екенін айтты.

"Қалаға жақын аумақта 30-ға жуық жер қойнауын пайдаланушы компания қызмет етіп жатыр. Олардың басым бөлігі экологиялық заңнама талаптарын және өнеркәсіп қауіпсіздігінің нормаларын сақтамайды. Тіпті, мұндай заңсыз әрекеттер жүйелі сипат алып кеткен деп айтсақ, артық болмайды. Өкінішке қарай, қызметін толық немесе уақытша тоқтатқан көптеген компания жерді қалпына келтіру жұмысымен мүлде айналыспайды. Осы мәселені шешу – жергілікті атқарушы органның тікелей міндеті. Үкімет бұл мәселені қатаң бақылауда ұстауға тиіс. Президент Әкімшілігі осы жұмысқа қосылуы қажет", - деді Президент.

Еске салайық, 2025 жылғы қыркүйекте Алматы облысындағы қоқыс полигонында ірі өрт шыққан болатын. Өртті сөндіруге өңірлік ТЖД күштері мен құралдары, әкімдік өкілдері және Полиция департаменті қызметкерлері жұмылдырылды.

Өрт бес күннен кейін оқшауланып, тағы екі күннен соң толық сөндірілді. Осы уақыт аралығында Алатау қаласында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай режимі енгізілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 493.15   569.58   6.85 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +27
Астана +26
Ақтау +18
Ақтөбе +17
Атырау +14
Б
Балқаш +32
Ж
Жезқазған +27
Қ
Қарағанды +25
К
Көкшетау +22
Қ
Қостанай +33
Қызылорда +30
П
Павлодар +24
Петропавл +31
С
Семей +33
Т
Талдықорған +31
Тараз +35
Түркістан +18
О
Орал +30
Ө
Өскемен +31
Ш
Шымкент +30

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер