21 қаңтар 2023 16:51

Тоқаев Қостанай облысындағы ірі құс фабрикасына барды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Рудный қаласындағы "Жас-Қанат 2006" құс фабрикасына барып, құс шаруашылығына заманауи технологияларды енгізу жөніндегі пилоттық жобаның жүзеге асырылу барысымен танысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Мемлекет басшысы Рудный қаласындағы "Жас-Қанат 2006" құс фабрикасына барып, құс шаруашылығына заманауи технологияларды енгізу жөніндегі пилоттық жобаның жүзеге асырылу барысымен танысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құс фабрикасында өндірілетін өнім еліміздің барлық өңірінде сатылады, сондай-ақ, ТМД елдеріне экспортталады.

Цехтың қуаты жылына 260 миллион дана жұмыртқа және 500 тоннадан аса ет өнімдерін өндіруге жетеді. Былтыр 517 тонна ет және 199,1 миллион дана жұмыртқа өндірілді.

Өндірістік қуаты сағатына 120 мыңнан аса жұмыртқа шығаруға жететін сұрыптау, өлшеу және маркерлеу цехындағы Nabel технологиясы көрсетілді.

Өндірістің автоматтандырылуы сегіз сағатта миллионға дейін жұмыртқа тасымалдауға және орауға мүмкіндік береді.

Президентке облыс әкімі Құмар Ақсақалов өңірдің өнеркәсіптік және аграрлық әлеуеті жөнінде мәлімет берді. Қасым-Жомарт Тоқаев ақ ауыл шаруашылығы саласындағы жобалармен танысты.

Осыдан кейін Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен әңгімелесті. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Президенті лауазымына қайта сайланғаннан кейін, ең алдымен, ауыл мен ауылдық аумақтарды дамыту туралы Жарлыққа қол қойғанын айтты. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы мен ауылдарды дамытуға 1 триллион теңге бөлінетінін жеткізді. Оның пікірінше, Үкімет пен әкімдіктер бұл қаржыны өңір тұрғындарына барынша тиімді болатындай жұмсауы керек.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети