06 қаңтар 2022 00:04

Тоқаев: Құқық қорғаушылар арасында қаза тапқандар бар

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы митинг. © Tengrinews.kz Алматыдағы митинг. © Tengrinews.kz

Қазақстан қалаларындағы митинг кезінде бірнеше құқық қорғаушы қаза болған. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдауында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан қалаларындағы митинг кезінде бірнеше құқық қорғаушы қаза болған. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдауында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Президент Алматыдағы ахуал күрделі екенін, қалада құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне жаппай шабуыл жасалып жатқанын айтты.

"Олардың арасында қаза тапқандар мен жараланғандар бар. Бұзақы топтар әскери қызметшілерді ұрып-соғып, көшеге жалаңаш шығарып, мазаққа айналдыруда. Әйелдерді зорлап, дүкендерді тонап жатыр.

Бұл жағдай Алматының барлық тұрғынына қауіп төндіріп отыр. Бұған төзуге болмайды. Алматыдан басқа кейбір облыс орталықтарында да жағдай ушығып тұр. Осыған байланысты бірқатар өңірде Төтенше жағдай енгіздім. Бұл - қажетті шара. Президент ретінде, мен, азаматтарымыздың қауіпсіздігі мен тыныштығын қорғауға, Қазақстанның тұтастығына алаңдауға міндеттімін", - деді Мемлекет басшысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.37   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети