07 ақпан 2024 11:36

Тоқаев құрылыс мәселелері туралы: Жыл аяғына дейін нақты шешім қабылдауы керек

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Қазақстандықтар елдегі құрылыс сапасына жиі шағымданады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында осы мәселеге назар аударды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Қазақстандықтар елдегі құрылыс сапасына жиі шағымданады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында осы мәселеге назар аударды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Қазір құрылыс саласында сараптама жасауды мемлекеттің иелігіне қайтару мәселесі қызу талқыланып жатыр. Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – ең басты міндет. Құрылыс сапасына жасалатын бақылауды міндетті түрде күшейту керек. Бұл – анық дүние. Алайда, мемлекет осы нарықты түгел иемденіп алмауы қажет. Шынайы бәсеке болуға тиіс. Үкімет барлық тараптың мүддесін ескеруі керек.

Бұл салада үлескерлік құрылысқа, ғимараттардың заңсыз әрі орынсыз салынуына, мүлік иелерінің бірлестігін реформалауға қатысты қордаланған мәселелер бар. Азаматтар үнемі шағымданып жатады. Алайда, құзырлы органдар әлі күнге дейін тиісті шара қолданбай отыр. Үкімет бұл мәселе бойынша жыл соңына дейін нақты шешім қабылдауы керек", - деді Президент.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети