ПОДЕЛИТЬСЯ
11 қыркүйек 2019 | 19:54
Тоқаев Қытайда қандай көлікпен жүр?
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қытайға сапары барысында Бейжіңде қозғалысы үшін лимузин берілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қытайға сапары барысында Бейжіңде қозғалысы үшін лимузин берілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Еске салайық, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытай еліне мемлекеттік сапары басталған.
Қазақстан Президентінің сапары туралы жазуға келген журналистер Мемлекет басшысының кортежін фотоға түсірген.
Қазақстан Президенті ретро стильдегі қытайлық үкіметтік Hongqi автокөлігімен жүр. Оның атауы Қытай тілінен "Қызыл байрақ" деп аударылады.
© Тengrinews.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Бейжіңде Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесінің 6-отырысының ашылуына қатысады және Қытай қоғамдық ғылымдар академиясында дәріс оқуы жоспарланған. Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен, ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Кэцянмен және Қытайдың бірқатар саяси және іскерлік топтарымен келіссөз өткізеді.
© REUTERS
Айта кетейік, 2018 жылы Нұрсұлтан Назарбаев Қытайға жасаған сапары кезінде осыған ұқсас көлікпен жүрген еді.
Қазақстан Президенті Қытайға жасаған екі күндік сапарының аясында Ханчжоу қаласына да барып, инновациялық өнімдерді әлемдік нарыққа шығару бойынша көшбасшы Hikvision компаниясының жұмысымен танысады. Сонымен қатар бағдарлама бойынша Alibaba компаниясының кеңсесіне барып, Джек Мамен кездесу жоспарланған.
Показать комментарии
Читайте также