30 қараша 2021 08:42

Тоқаев Қызыл Крест президентімен Ауғанстандағы гуманитарлық жағдайды талқылады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: akorda Фото: akorda

Мемлекет басшысы Женевада Халықаралық Қызыл Крест комитетінің президенті Петер Маурермен кездесті. Кездесу барысында Қазақстан мен Халықаралық Қызыл Крест комитеті арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың перспективалары талқыланды. Сондай-ақ, халықаралық және аймақтық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша ой-пікірлер ортаға салынып, Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай сөз болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы репатриация және реинтеграция, отбасылардың қауышу және қақтығыс аймақтарынан оралған азаматтарға психологиялық көмек көрсету мәселелері бойынша еліміз бен Комитет арасындағы өзара табысты ықпалдастық туралы айтып өтті. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Комитеттің қызметін толық қолдайтынын нақтылап, осы ұйымның басшысы лауазымындағы Петер Маурердің атқарып жатқан жұмысын жоғары бағалады.

Президент Халықаралық Қызыл Крест комитетіне Қазақстанның Қорғаныс министрлігімен бітімгерлік операциялар жүргізу мәселелері бойынша өзара табысты ықпалдастығы үшін ризашылығын білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық әскерилердің БҰҰ-ның бітімгерлік миссияларына қатысу географиясын кеңейту жоспары туралы айтты.

Петер Маурер Қасым-Жомарт Тоқаевқа кездесуге мүмкіндік бергені үшін алғыс білдіріп, комитеттің қазіргі қызметі мен жоспары жөнінде мәлімет берді. Сондай-ақ еліміздің ауған халқына гуманитарлық көмек көрсету жөніндегі күш-жігерін жоғары бағалады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети