04 сәуір 2019 15:35

Тоқаев Мәскеуде Белгісіз жауынгер бейітіне гүл шоғын қойды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© akorda.kz © akorda.kz

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуде Белгісіз жауынгер бейітіне гүл шоғын қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.


Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуде Белгісіз жауынгер бейітіне гүл шоғын қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті Белгісіз жауынгер бейітінің жанындағы Мәңгілік алауға гүл шоғын қойып, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан батырлардың рухына тағзым етті. Рәсім соңында Мемлекет басшысы Құрмет қарауылының сап түзеп өткен салтанатты маршын көрді.

Александр бағындағы Мәскеу Кремлінің қабырғасын бойлай орналасқан "Белгісіз жауынгер бейіті" Мемориалдық сәулет кешені Мәскеу үшін соғысқан жауынгерлердің құрметіне 1967 жылы салынды. Кешенге Ресей мәдени мұрасының нысаны, сондай-ақ, Жалпыұлттық әскери даңқ мемориалы мәртебесі берілген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети