Тоқаев: Мүддеміз де, жолымыз да ортақ

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Ақорда Фото: Ақорда

Президент Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Президент Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы "Атамекен" этномемориалды кешенінде өткен Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты. Құрмет қарауылының бастығы салтанатты іс-шараға дайындығы туралы Президентке рапорт берді. Содан кейін еліміздің әнұраны шырқалып, көк байрағымыз көтерілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев жиынға қатысушыларды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтап, бұл еліміз үшін мән-маңызы айрықша мереке екеніне тоқталды.

"Ұлт рәміздері – Тәуелсіздігіміздің киелі бойтұмары. Елтаңба, Ту және Әнұран – мызғымас мемлекеттігіміздің белгісі. Қастерлі нышандарымыз Қазақстанның егемен ел, еңселі жұрт екенін жер жүзіне әйгілейді. Байрағы биік елдің рухы асқақ болады. Сондықтан біз осы мейрамға орай жыл сайын көк Туымызды биікке көтереміз. Бабаларымыз "Туыңды тік ұста!" деп өсиет қалдырды. Осы аманатқа адал болу – баршаға ортақ парыз. Бүгінде көк байрағымыз қастерлі Отанымыз – Қазақстанның бейбіт аспанында желбіреп тұр. Оны кейінгі ұрпаққа табыстау – қасиетті борыш", – деді Президент.

Мемлекет басшысының айтуынша, қазір көк Туымыздың беделін бүкіл әлем мойындайды. Байрағымыз Біріккен Ұлттар Ұйымының төрінде тұр. Оны альпинистеріміз жер шарындағы ең биік шыңдарға көтерді. Спортшыларымыз талай мәрте жеңіс тұғырына шығарды.

"Биыл жауынгерлеріміз бітімгерлік миссиясын көк байрақтың астында тұңғыш рет дербес орындап келді. Азаматтарымыздың, мемлекетіміздің осындай жетістіктері Қазақстанның қуатты әрі жасампаз ел екенін көрсетеді. Мемлекеттік рәміздер – ел мақтанышы. Елтаңбамыз, көк Туымыз бен Әнұранымыз әр азаматтың жүрегінен ерекше орын алады. Бұл – нағыз отаншылдық белгісі. Ұлт нышандары – халқымыздың болмыс-бітімінің айнасы, жарқын болашағымыздың кепілі", – деді Мемлекет басшысы.

Президент биыл мемлекеттілігіміздің берік тірегі – Ата Заңымыздың қабылданғанына 30 жыл толатынын еске салды

"Негізгі заң біздің қоғам арқа сүйейтін басты қағидаттардан тұрады. Конституция арқылы заң мен тәртіптің үстемдігін қамтамасыз етіп, ауқымды өзгерістерді кезең-кезеңімен қолға алып жатырмыз. Қазақстанның өсіп-өркендеуіне әрқайсысымыз үлес қосып келеміз. Бізді көк паспортымыз, реформалардың жасампаз қуатына деген ортақ мақсат пен мызғымас сенім біріктіреді. Қазақта "Туы бірдің – түбі бір, жолы бірдің – жүгі бір" деген сөз бар. Еліміздегі түрлі этнос өкілдері көк байрақтың астында тұтасып, тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Біздің мүддеміз де, жолымыз да, мұратымыз да – ортақ. Бұл – Әділетті, Қауіпсіз әрі Таза Қазақстанды құру. Осы береке-бірлігімізді сақтап, нығайта берсек, кез келген биікті бағындырамыз", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Содан кейін Президент оқуын үздік бітірген курсанттарға ту түбінде шен тапсыру жақсы дәстүрге айналғанын айта келіп, жас сарбаздарға сөз арнады.

"Көк байрақ жауынгерлерге айрықша күш-жігер береді, отаншылдық рухын көтереді. Осындай сәттерде әр азамат туған елге қызмет ету перзенттік парызы екенін терең ұғынады. "Тұлпар мініп, ту алған" жаужүрек батырлардың ұрпағы екенін сезінеді. Отан күзетінде тұрған ұландарымызды баһадүр бабалардың бүгінгі ізбасары деуге болады. Қастерлі Туымызды әрдайым тік ұстаңыздар! Мен бұған кәміл сенемін! Байрағымыз биікте желбіресін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!" – деді Мемлекет басшысы.

Ту көтеру рәсіміне мемлекеттік органдардың басшылары, Парламент депутаттары, Ұлттық құрылтай мүшелері, "Халық қаһарманы" мен "Қазақстанның Еңбек Ері" атағының иегерлері, жоғары әскери оқу орындарының курсанттары мен олардың туыстары қатысты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Алматыда нөсер жауады
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 521.92  course up  603.08  course up  6.66  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer