17 қаңтар 2022 16:50

Тоқаев нақты іс-қимыл күтеді - Берік Уәли "Самұрық-Қазына" трансформациясы туралы

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент мемлекеттің экономикаға қатысын азайту және "Самұрық-Қазына" қорының активтерін жекешелендіру бойынша нақты ұсыныстар мен іс-қимылдар күтетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында мәлімдеді. 


Президент мемлекеттің экономикаға қатысын азайту және "Самұрық-Қазына" қорының активтерін жекешелендіру бойынша нақты ұсыныстар мен іс-қимылдар күтетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында мәлімдеді. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 11 қаңтарда өткен Мәжілістің пленарлық отырысында "Самұрық-Қазына" қорының қызметін толығымен трансформациялау қажет екенін айтқан болатын.

"Қордың портфель компаниялары - ұлттық экономиканың жүйе құраушы құрылымдары. Сондықтан қазір экономиканы құрылымдық жағынан қайта құру және ресурстарды ел игілігіне бағыттау жөніндегі міндеттердің орындалуы қордың жұмысына байланысты.

Мемлекет басшысының пікірінше, үкімет ең алдымен, басқару құрылымдарын қысқартумен айналысуы керек. Сонымен қатар, мемлекет пен халықтың мүддесіне бағытталған табыстарды арттыру үшін "Самұрық-Қазына" мен үкімет арасындағы өзара қатынастардың сипатын өзгерту қажет", - делінген хабарламада.

Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтен экономиканың негізгі салаларында шынайы бәсекеге негізделген орта қалыптастыруды және қор мен ұлттық компаниялардың сатып алу жүйелерінің ашықтығын қамтамасыз етуді талап еткені айтылды.

"Президенттің пікірінше, мемлекет экономикаға көп араласа бермеуі керек және осы тұрғыда "Самұрық-Қазына" қорының активтерін жекешелендіру ісін жандандыруы қажет.  Осыған орай жекешелендіру кезінде ашықтықты сақтау маңызды. Онсыз экономиканы құрылымдық тұрғыдан қайта құру мүмкін емес. Мемлекет басшысы үкіметтен және жекешелендіру жөніндегі мемлекеттік комиссиядан нақты ұсыныстар мен іс-әрекеттер күтеді", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети