06 наурыз 2023 17:50

Тоқаев пен Мирзиеевтің бейресми кездесуі неге Шымкентте өтті?

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевпен кездесуі неге Шымкентте өткенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Смадияровтың айтуынша, Шымкенттегі бейресми кездесуге қаланың Өзбекстанмен шекарада орналасуы себеп болған.

"Білесіздер, Өзбекстан ең жақын серіктестеріміздің бірі және мемлекет басшылары Шымкентте кездесуді ұйғарды, өйткені бұл миллион халқы бар өте үлкен қала және Өзбекстанмен шекарада орналасқан. Бізде осы бағыттағы сауда, транзиттік әлеует өте белсенді дамып келеді. Мәдени байланыстар. Сондықтан, Қазақстанның басқа қалаларында емес, Шымкентте болғаны қисынды", - деді Айбек Смадияров ведомствода өткен брифинг барысында.

Еске салайық, 3 наурызда Шымкентте Мемлекет басшысының Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевпен бейресми кездесуі өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.44   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети