25 қаңтар 2020 13:53

Тоқаев пен Назарбаев Ердоғанға көңіл айтты

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reuters © Reuters

Елбасы Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Түркияның Элязыг және Малатья провинцияларында орын алған және адамдардың қазасына әкеліп соқтырған қуатты жер сілкінісі туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдады, - деп хабарлайды elbasy.kz.

"Осындай қиын сәтте қаза тапқандардың туыс-туғандарына, сондай-ақ бүкіл Түркия халқына ауыр қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын.

Зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектеспін", - делінген жеделхатта.

Мемлекет басшысы да Түркия Президенті Реджеп Тайип Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады.
 
"Осындай ауыр сәтте қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, барша қазақстандықтар мен жеке өз атымнан Сізге, сондай-ақ, бауырлас түрік халқына қайғыра көңіл айтамын. Алла тағаладан табиғи апат кезінде қаза болғандардың жандары жәннатта болуын, жараланғандардың тез арада сауығуын тілеймін", – делінген жеделхатта.

Еске салсақ, Жұма күні Түркияның шығысындағы Елазығ провинциясында магнитудасы 6,8 балдық жер сілкінісі тіркелді. Қаза тапқандар бар. 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети