30 сәуір 2021 08:58

Тоқаев пен Назарбаев тұрғындарды Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тұрғындарды Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тұрғындарды Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Баршаңызды Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Тұңғыш Президентіміз - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен белгіленген бұл мереке ғасырлар бойы қазақ жерінде берік орныққан достық пен ауызбіршілік, өзара құрмет пен сенім сияқты қастерлі құндылықтарға негізделген.

Тәуелсіздік кезеңінде негізі қаланған "әралуандығымыз - бірлікте" қағидаты Қазақстанның сан қырлы мәдениеті мен дәстүрін баға жетпес байлығымызға айналдырды. Ырыс-ынтымақ пен отаншылдық рух ұлттық кодымыздың ұйытқысы болып отыр.

Халқымыздың әділетті әрі дамыған мемлекет құрып, елімізді өркендету жолындағы мүддесі ортақ", - деді Мемлекет басшысы. 

Президент біз қоғамдағы тұрақтылық пен келісімнің, өзара қолдау мен жасампаз еңбектің арқасында кез келген қиындықты еңсеріп, көздеген мақсатымызға жететінімізді айтты.

"Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке тілеймін! Әр шаңырақта татулық пен өзара түсіністік болсын!", - делінген құттықтауда.

Сондай-ақ, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев та осы мейраммен құттықтады

"Бұл күн баршамыз үшін татулық пен келісімнің, патриотизмнің символы болып саналады.

Тәуелсіздіктің отыз жылы ішінде еліміз қол жеткізген барлық жетістіктер - Отанымыздың тағдыры үшін ортақ жауапкершілік сезіне білген күллі қазақстандықтардың береке-бірлігінің көрінісі.

Көпұлтты халқымыздың мызғымас достығы Қазақстан мемлекеттілігінің басты тірегінің біріне айналды.

Біздің мақсатымыз - қажыр-қайратымыз бен ертеңгі күнге деген сенімнің бастауы болған ел бірлігін бұдан да әрі көздің қарашығындай қорғау.

Тек татулықтың арқасында ғана біз басымызға түскен сынақтардан сүрінбей өтеміз.

Қазақстан халқының ырысты ынтымағы әрдайым жаңа белестерді бағындыруға жол ашады деп кәміл сенемін.

Баршаңызға зор денсаулық пен бақ-береке тілеймін!", - деді ол.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети