05 сәуір 2021 14:19

Тоқаев Президент Әкімшілігіндегі жаңа лауазымды бекітті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: akorda.kz Фото: akorda.kz

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі туралы" Жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.


Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі туралы" Жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық өкілеттіктерін іске асыруды қамтамасыз ету, мемлекеттік билік органдарының сыртқы саясат саласындағы қызметінің тиімділігін арттыру және Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық бастамаларын ілгерілету мақсатында қаулы етемін:

Қоса бекітілсін:

  • Қазақстан Республикасы Президентiнiң халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі туралы ереже;
  • Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар.

Үкіметке осы Жарлықтан туындайтын шараларды белгіленген тәртіппен қабылдау тапсырылды. Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Ережеге сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі мемлекеттік саяси қызметі енгізілді.

Арнаулы өкілді Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігі басшысының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

Арнайы өкіл Қазақстан Республикасының Президентіне есеп береді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети