09 қараша 2023 17:12

Тоқаев Путинмен кездесуде егеменді таңдау туралы айтты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Ақорда Фото: Ақорда

Қазақстан мен Ресейде тәуелсіз егеменді жол екі елдің серіктестігіне оң әсер ететінін жақсы түсінеді. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуде мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз одақтаспыз, стратегиялық серіктеспіз, біздің ынтымақтастығымызда, қарым-қатынасымызда қандай да бір мәселелер немесе проблемалар жоқ. Қазақстан мен Ресей даму жолын дербес егеменді таңдау кедергі келтірмейтінін, керісінше, тең құқылы және өзара тиімді әріптестіктің қайтарымын бірнеше есе арттыратынын жақсы түсінеді", - деді Тоқаев.

Ол осы тақырыпта өзі де бірнеше рет сөз қозғаған Путинге алғысын білдірді.

"Осы жағдайды терең түсінгеніңіз үшін Сізге алғыс айтамын. Достық, сенім мен тату көршіліктің мызғымас құндылықтары – ежелден шекараның екі жағында іргелес өмір сүрген ата-бабаларымыздың мұрасы. Біз осы құндылықтарды сақтап, келешек ұрпаққа жеткізуге міндеттіміз. Бұл шын мәнінде құндылық", - деп қосты Мемлекет басшысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети