07 желтоқсан 2021 16:42

Тоқаев рақымшылық туралы заңға қол қойды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев рақымшылық жасау туралы Қазақстан Республикасының заңына қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев рақымшылық жасау туралы Қазақстан Республикасының заңына қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген хабарламада.

Алдын ала деректер бойынша, рақымшылыққа 2 236 сотталушы және пробация қызметі есебінде тұрған 11 310 адам түседі.

Біріншіден, 1 000-ға жуық адам босатылып, 3,8 мың адам пробация қызметі есебінен шығарылады.

Екіншіден, өтелмеген жаза мерзімін қысқарту 1 294 сотталушыға және пробация қызметі есебінде тұрған адамға қолданылады.

Үшіншіден, соталды өндірістегі 5 000 қылмыстық іс қысқартылып, оның ішінде 1 674-тен аса тұлға қылмыстық жауапкершіліктен босатылады.

1 471 адамға қатысты жазаны қысқарту немесе босату туралы ережелер қолданылады. Қылмыстық кодекстің 78-бабына сәйкес, аса қауіпті қылмыс жасаған адамдарға рақымшылық жасалмайды.

Қазақстанда кімдерге рақымшылық жасалады?

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети