30 маусым 2022 19:47

Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысын өткізді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Ақорда Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысын өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысын өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Жиын Қаржы секторын дамыту тұжырымдамасын талқылаудан басталды. Аталған мәселе бойынша Реформалар жөніндегі жоғары кеңес төрағасының орынбасары Сэр Сума Чакрабарти, Қаржы нарығын дамыту және реттеу агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова баяндама жасады.

Президент жалпы ұсынылған әдістерді қолдап, блокчейн технологиясы мен орталық банктердің цифрлық валюталарын пайдаланудың және енгізудің перспективаларына назар аударды.

"Аталған бағыт - қаржы жүйесінің болашағына деген "футуристік" көзқарас қана емес, сондай-ақ жүзеге асыруға болатын жоба. Көптеген мемлекет өздерінің цифрлық валюталарын іс жүзінде сынақтан өткізуге кірісіп те кетті. Олардың қызметтері үшін экожүйе әзірленіп, құрылып жатыр. Біз институттарымызды жаңа жағдайларға бейімдеуге дайын болуымыз керек", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл жөніндегі міндеттерге де тоқталды. Келтірілген статистикалық деректерге сәйкес мұндай ұйымдар биылғы бес айдың ішінде 17 мыңнан астам үлескердің құны 27 миллиард теңгеден асатын дүние-мүлкін иеленіп алған.

"Қаржы секторы тұжырымдамасының аясында қаржы пирамидасының белгісі бар ұйымдарды алдын ала анықтауға, жедел әрекет етуге, азаматтардың қаржы алаяқтары туралы хабарлау мәселесін күшейтуге бағытталған шаралар қамтылуы қажет", - деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканың нақты секторын банктердің белсенді несиелеуі жөнінде шаралар қабылдауды келесі маңызды міндет ретінде атап өтті. Сондай-ақ осы саладағы бірқатар проблемаға назар аударып, қаржы реттеушілеріне бұл мәселеге баса мән беруді және оны нақты шешу жолдарын ұсынуды тапсырды.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Ұлттық банктің, Үкіметтің әрекет ету тетіктерін банк өтімділігінің ағынын кәсіпорындарды, әсіресе шағын және орта бизнесті қолдауға қарай бағыттау аса маңызды міндет екенін атап өтті.

Отырыс барысында елімізде қауіпсіз атом және сутегі энергетикасын дамыту жөніндегі шараларға баса мән берілді. Бұл бағыттағы жұмыстар туралы энергетика министрі Болат Ақшолақов пен "Самұрық-Қазына" акционерлік қоғамының төрағасы Алмасадам Сәтқалиев  баяндама жасады.

Президент МАГАТЭ деректерін мысалға келтірді. Бұған сәйкес әлемдегі қуат көздерінің 10 пайызы атом энергетикасының үлесінде екені айтылды. Аталған сектор көмір (36,7 пайыз), газ (23,5 пайыз) және гидроэнергетика (16 пайыз) салаларынан кейін төртінші орында тұр.

"Атом энергетикасы көміртектің жылдық қалдықтарын шамамен 2 миллиард тоннаға азайта отырып, төмен көміртекті электр қуатының жалпы көлемінің үштен бірінен астамын өндіреді. Бұл 400 миллион автокөліктің қалдығына тең. Ал атом энергетикасының болашағына келетін болсақ, түрлі факторларға байланысты белгісіздік деңгейі өте жоғары. Алайда, қазіргі таңдағы энергия дағдарысы мен энергия ресурстары бағасының құбылмалы жағдайында "бейбіт атомды" пайдалану мәселесі көптеген үкіметтердің күн тәртібіне енгізілгені анық. Геосаяси жағдайдың шиеленісуіне байланысты Халықаралық энергетика агенттігі Еуропа одағы елдерін барлық атом электр станцияларын жабу мәселесін кейінге шегеруге шақырды", - деді Президент. 

Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі таңда әлемнің 32 елінде 440-тан астам ядролық реактор бар екенін және 20-ға жуық мемлекет өз аумағында атом электр станциясын салу мүмкіндігін қарастырып отырғанын атап өтті. Олардың қатарында біздің елімізден бөлек, Чили, Индонезия, Алжир, Филиппин, Эфиопия, Сенегал және басқа да мемлекеттер бар.

Сонымен қатар, Президенттің айтуынша, технологияларды жеткізушілердің шорт-парағын айқындау маңызды және онда баға өлшемдерінен бөлек технологиялардың сенімділігіне баса мән берілуге тиіс.

Қасым-Жомарт Тоқаев білім алудың және өндірістік құзыретке қол жеткізудің аса маңызды екенін айтты.

"Басқаша айтқанда, біз болашақта білікті физиктерді, атом саласындағы кадрларды, инженерлер мен техникалық мамандарды дайындауымыз керек. Мүлдем жаңа оқу-өндірістік база құру қажет", - деді Мемлекет басшысы.

Президент Түркияның "Аккую" АЭС-ін салудағы тәжірибесін жан-жақты зерделеуді тапсырды.

Күн тәртібінде соңғы қаралған мәселе - көші-қон саясатын жетілдіру. Бұл тақырып бойынша еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова баяндама жасады.

Қасым-Жомарт Тоқаев осы мәселеге түсіндірме жасай келіп,  экономиканың дамуы мен ұлтымыздың зияткерлік әлеуетін арттыратын тиімді еңбек миграциясының маңыздылығына назар аударды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети