25 қараша 2021 21:22

Тоқаев ресми сапармен Бельгияға барды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгия Корольдігіне ресми сапармен барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлиге сілтеме жасап.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгия Корольдігіне ресми сапармен барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлиге сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысы екі күндік сапары аясында Брюссельде Бельгияның және Еуропалық Одақтың басшылығымен кездесулер өткізеді деп жоспарланған.

Бүгін Қазақстан Президенті Бельгия Королі Филиппен жүздесіп, премьер-министр Александр Де Кроомен және Еуропалық Кеңес президенті Шарль Мишельмен келіссөздер жүргізеді.

Ертең Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық комиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйенмен кездеседі, сондай-ақ еуропалық ірі компаниялардың басшыларымен бірқатар кездесу өткізеді", - деп жазды Берік Уәли Facebook желісіндегі парақшасында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети