Тоқаев Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығына барды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Ақорда Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығына барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығына барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығына қарасты Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығының биыл пайдалануға берілген жаңа ғимаратын аралап көрді.

Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығында қоршаған орта объектілеріне және тамақ өнімдеріне бактериологиялық, молекулярлық-генетикалық, паразитологиялық, санитариялық-химиялық және токсикологиялық, радиологиялық зерттеу жұмыстары жүргізіледі.

Мемлекет басшысына Орталықтағы заманауи құралдармен жабдықталған және ең жаңа әдістемелерді пайдалана отырып, жедел әрі нақты нәтижелерді алуға мүмкіндік беретін зертханалар таныстырылды. Онда заманауи анализаторлармен бірге агрессивті-химиялық реактивтерді қажет етпейтін, экспресс-әдістемелерді қолданатын портативті зертханалық құрылғылар орнатылған. Бұл зерттеу уақытын едәуір қысқартып қана қоймай, қаржыны да үнемдейді.

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының басшысы Алексей Цойдың айтуынша, Санитариялық-эпидемиялық сараптама орталығында 8 зертхана жұмыс істейді. Алдағы уақытта зерттеулер номенклатурасын жылына 2000-ға дейін кеңейту көзделіп отыр.

Сонымен қатар зерттеулердің жаңа түрлерін, халықаралық сапа және құзыреттілік стандарттарын енгізу нәтижесінде Орталық Референс зертхана мәртебесіне ие бола алады. Яғни, басқа зертханалардағы күмән тудырған зерттеулердің дұрыстығы мен дәлдігін осы жерде нақты тексеруге болады.

Қасым-Жомарт Тоқаев өз міндеттерін үлкен жауапкершілікпен атқарып жүрген мамандарға алғыс айтып, жаңа сараптама орталығы ел игілігіне қызмет ететініне сенім білдірді.

Мемлекет басшысы Медициналық орталықтың қоғамдық денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі мен стратегиялық маңызы зор екенін атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer