Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Щучинскідегі бірқатар нысанды аралап көрді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Щучинскідегі бірқатар нысанды аралап көрді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президентке Шучинск қаласының экосаябағы таныстырылды.

Таяуда жаңғыртылған қоғамдық кеңістікте тұрғындардың серуендеп, спортпен шұғылдануына барлық жағдай жасалған.
Президент жергілікті жас домбырашылардың өнерін тамашалады. Ұлттық домбыра күніне әзірленіп жатқан өнерпаздар бірнеше күй орындап берді.

Сондай-ақ мемлекет басшысы Burabay Arena спорт сарайына барды.
Қасым-Жомарт Тоқаев кешендегі үстел теннисі, бассейн, және жаттығу залдарын аралап көрді. Мұнда спорттың алты түрі бойынша үйірмелер жұмыс істейді. Мемлекет басшысына өңірдегі спорт және туризм салаларының даму барысы жөнінде баяндалды.

Сонымен қатар Президент облыстың танымал спортшыларымен әңгімелесті. Атлеттер отандық спортқа жан-жақты қолдау көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.
Фото: Ақорда баспасөз қызметі
Тоқаев Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледжге барды
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!