19 мамыр 2023 11:08

Тоқаев серіктес елдерге ұсыныс жасады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев С5+Сhina серіктес елдеріне Орталық Азиядан Қытайға және кері қарай тауарларды жеткізу уақытын едәуір қысқарту үшін қазақстандық қоймаларды пайдалануды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев С5+Сhina серіктес елдеріне Орталық Азиядан Қытайға және кері қарай тауарларды жеткізу уақытын едәуір қысқарту үшін қазақстандық қоймаларды пайдалануды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жалпы алғанда, өзара сауданы ұлғайту перспективаларын ескере отырып, Қазақстан жаңа кедендік қоймаларды құру бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты логистикалық ыңғайлылық үшін барлық серіктестерге өз тауарын қоймаларымызға орналастыруды ұсынамыз. Бұл Орталық Азия елдерінен Қытайға және кері қарай тұтынушыларға тауарларды жеткізу уақытын айтарлықтай қысқартады.

Бұл жұмысты С5+Сhina бірыңғай электрон сауда алаңын енгізумен үйлестіруге болады", - деді Тоқаев Сианьдағы бірінші Орталық Азия-Қытай саммитінде сөйлеген сөзінде.

Оның айтуынша, Қытай-Орталық Азия-Еуропа бағытының негізгі учаскелерінің бірі Транскаспий халықаралық көлік жолы болып табылады.

"Қазіргі кезеңде бұл артерия стратегиялық маңызға ие болды. Біз цифрлық шешімдерді енгізу және инфрақұрылымды жаңғырту арқылы оның өткізу қабілетін жүйелі түрде арттыруды көздеп отырмыз.

Қытай негізгі жүк жөнелтуші екенін ескере отырып, көрсетілген бағыт бойынша максимал және үздіксіз жүк тиеуді қамтамасыз ету үшін бірлескен жұмысты күшейту қажет деп санаймыз", - деді Мемлекет басшысы.

Олар қытайлық әріптестерді Каспий теңізі порттарының мүмкіндіктерін кеңейту, олардың қызметін цифрландыру, сондай-ақ көлік кемелерін бірлесіп шығару бойынша өзара тиімді ынтымақтастыққа шақырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети