Тоқаев шенеуніктерге Алатау үшін жеке жауапкершілік барын ескертті

Нұрила Достарқызы
Нұрила Достарқызы Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев шенеуніктерге Алатау үшін жеке жауапкершілік барын ескертті Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шенеуніктерге Алатау қаласы үшін жеке жауапкершіліктері туралы ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шенеуніктерге Алатау қаласы үшін жеке жауапкершіліктері туралы ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Кеңесте сөз сөйлеген Президент қаланы көркейту жұмысы кешенді түрде жүргізілуге тиіс екенін, бұл – Қазақстанның барлық қалаларына қатысты міндет екенін атап өтті.

"Арнайы басқару режимін енгізу, инвестицияны қорғау және қажетті инфрақұрылымды дамыту ісін бір-бірінен бөлек қарастыруға болмайды. Бұл бағыттардың бәрі өте маңызды. Мысалы, бастапқы инфрақұрылым болмаса, инвестиция қорғалмаса, халықаралық инвесторлар мұнда келмейді. Бұл айқын нәрсе. Арнаулы құқықтық режим болмаса, инновациялық тәсілдерді енгізе алмаймыз", - деді Тоқаев.

Президенттің айтуынша, Алатау city жобасын жүзеге асыру – тұрмыс сапасы және іскерлік ортасы ең жоғары әлемдік талаптарға сай келетін озық қала салу деген сөз.

"Бұл – мемлекеттік маңызы зор міндет, еліміз үшін стратегиялық мәні бар жұмыс. Сондықтан біз тыңғылықты, тиянақты, сапалы жұмыс істеуіміз керек. Құр қағаз жүзіндегі есептің еш қажеті жоқ. Бәрімізге керегі – бір-ақ нәрсе: бұл – нақты нәтиже. Қажетті жағдайдың бәрі жасалып жатыр. Тиісті құқықтық негіз бар, ресурс та жеткілікті. Енді барлығы алдағы міндеттердің уақтылы әрі сапалы орындалуына тікелей байланысты болады. Әрбір бағыт бойынша жеке жауапкершілік жүктеледі. Осы ауқымды жобаны бірлесіп, табысты жүзеге асырамыз деп сенемін", - деді Мемлекет басшысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 493.15   569.58   6.85 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +27
Астана +26
Ақтау +18
Ақтөбе +17
Атырау +14
Б
Балқаш +32
Ж
Жезқазған +27
Қ
Қарағанды +25
К
Көкшетау +22
Қ
Қостанай +33
Қызылорда +30
П
Павлодар +24
Петропавл +31
С
Семей +33
Т
Талдықорған +31
Тараз +35
Түркістан +18
О
Орал +30
Ө
Өскемен +31
Ш
Шымкент +30

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер