29 наурыз 2023 11:47

Тоқаев шенеуніктерге: Орталыққа жалтақтамау керек

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шенеуніктерге Орталыққа жалтақтамай, жергілікті жерде мәселені шешуге дағдылану керек екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шенеуніктерге Орталыққа жалтақтамай, жергілікті жерде мәселені шешуге дағдылану керек екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы елімізде мемлекеттік басқарудың тиімділігін және стратегиялық жоспарлаудың сапасын арттыру талап етілетінін атап өтті.

"Мемлекеттік басқарудың тиімділігін және стратегиялық жоспарлаудың сапасын көтеру қажет. Сайлау алдындағы бағдарламалар және уәделер ретімен орындалуы керек. Сонда азаматтардың билікке және шынайы өзгеріске деген сенімі артады. Реформаларды әзірлеу және жүзеге асыру ісінде мемлекеттік қызметшілер маңызды рөл атқарады. Сол себепті жұмысқа ынтасы бар және жоғары білікті мамандарды мемлекеттік қызметке тарту керек.

Жеке секторда жүрген кәсіби және дарынды басқарушылар үшін жол ашық болуға тиіс. Бізге мемлекеттік қызметтің барынша үйлесімді үлгісіне көшу қажет. Орталыққа жалтақтамай, жергілікті жерде мәселені шешуге дағдылану керек. Мемлекеттік органдардағы жұмысты ұйымдастыру мәдениетін де толық жаңғыртқан жөн", - Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.58   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети