12 қазан 2022 14:43

Тоқаев Сингапур делегациясын қабылдады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: t.me/bort_01 Фото: t.me/bort_01

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапур делегациясын қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапур делегациясын қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапур премьер-министрі кеңсесінің министрі Мұхамед Малики бин Османмен кездесті. Мемлекет басшысы Сингапурдың Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитіне қатысуы АӨСШК үдерісінің дамуына елеулі үлес қосатынын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның АСЕАН-дағы маңызды серіктесі – достас Сингапурмен тығыз ынтымақтастықты жоғары бағалайтынын жеткізді. Кездесу барысында екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстардың артқаны атап өтілді.

Өз кезегінде Мұхамед Малики бин Осман Қасым-Жомарт Тоқаевқа премьер-министр Ли Сянь Лунның ізгі тілегін жеткізді. Сингапур делегациясының басшысы өз елінің Қазақстанмен өзара іс-әрекетті одан әрі нығайтуға ниетті екенін айтты. Кездесу соңында Сингапур министрі Мемлекет басшысына Президент Халима Якобтың Сингапурға мемлекеттік сапармен келуге шақыруын тағы да растады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети