14 тамыз 2020 16:31

Тоқаев Сұлтановқа бірқатар тапсырма берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© akorda.kz © akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сілтеме жасап.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сілтеме жасап.

Бақыт Сұлтанов Қасым-Жомарт Тоқаевқа министрлік жұмысының нәтижелері жайында, сондай-ақ, сауда саласының 2025 жылға дейінгі даму мүмкіндіктері мен перспективасы туралы баяндады.

Мемлекет басшысы министрге сауда саласының сыртқы нарықтарға шығуын қалпына келтіру және оны одан әрі дамыту жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді. Президенттің пікірінше, отандық тауар өндірушілердің экспорттық мүмкіндіктерін қолдау, сондай-ақ, техникалық реттеу және тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесі арқылы ішкі нарықты сапалы әрі қауіпсіз өніммен қамтамасыз ету маңызды міндеттердің бірі.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети