08 ақпан 2022 17:51

Тоқаев тағы кедендегі "былық" туралы айтты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: akorda.kz Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тағы кедендегі "былық" туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тағы кедендегі "былық" туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Президенттің айтуынша, кеден бекеттеріндегі қордаланған мәселелерді жедел шешу қажет.

"Тағы да қайталап айтамын: ондағы былықты жөнге келтірмесе, салдары қиын болуы мүмкін. Қытайдың статистикасы мен біздегі көрсеткіштің айырмасы 5,7 миллиард доллар болуы - соның дәлелі. Қазір Қытаймен арадағы кеден бекетінде 12 мыңнан астам көлік электрон кезекте тұр. Құзырлы экономикалық операторлардың заңсыз іс-әрекеті туралы бұған дейін де айттым. Олар кеденнен және басқа да бақылау органдарынан соншама жеңілдікті қалай алып отыр? Не себепті бұл мәселе назардан тыс қалған? Бұл сұрақтарға 10 күн ішінде нақты әрі толық жауап күтемін", - деді Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Бұған дейін Президент Қытаймен шекарада көліктер тексерілмейді, салық пен баж салығы төленбейді деп мәлімдеген болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети