17 қыркүйек 2021 16:27

Тоқаев тәліптермен бейресми диалог құруға шақырды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Ақорда сайтынан Фото: Ақорда сайтынан

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстанның жаңа билігімен диалог құру қажеттігін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстанның жаңа билігімен диалог құру қажеттігін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Құрметті әріптестер, ҰҚШҰ және ШЫҰ елдері де Ауғанстанның жаңа билігімен бейресми диалогқа бастамашылық етуі керек. Мұндай коммуникациялар тәліптердің нақты ниетін бағалауға мүмкіндік береді (ұйымға Қазақстанда сот шешімі бойынша тыйым салынған. - ескерт.), қауіп-қатерге, өңірлік тұрақтылыққа ортақ көзқарас қалыптастыру және осы елмен сауда-экономикалық байланыстарды қалпына келтіру", - деді Тоқаев Душанбеде өткен ҰҚШҰ және ШЫҰ мемлекет басшыларының бірлескен отырысында.

Ол бұл кезеңде билікті ресми түрде тану туралы мәселе қозғалмайтынын айтты.

"Тағы да айта кетейін, көп нәрсе жаңа әкімшіліктің одан арғы практикалық қадамдарына, сондай-ақ БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тиісті шешімдеріне байланысты болады", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстан Президенті ШЫҰ мен ҰҚШҰ мүдделері мен бірлескен күш-жігерінің сәйкес келуі өңірдің қауіпсіздігі мен орнықты дамуының өзекті мәселелерін шешу жөніндегі күш-жігердің жалпы тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретініне сенім білдірді.

Тоқаев таяу уақытта Ауғанстан азық-түлік дағдарысына тап болуы мүмкін екенін атап өтті.

"Қазір диагноз қою ғана емес, нақты әрекеттерге көшу өте маңызды. Біздің елдеріміз бен ұйымдар деңгейінде Ауғанстан халқына жедел жәрдем көрсететін гуманитарлық көпір салу қажет болар еді", - деді Президент.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстанға көмек жеткізу үшін Алматыда гуманитарлық хаб ұйымдастыруды ұсынған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети