14 қаңтар 2022 18:42

Тоқаев тәртіпсіздіктер кезінде қаза тапқан подполковникті наградтады

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы тәртіпсіздіктерге қарсы күресте қаза тапқан Қарулы Күштер подполковнигі Сәндібек Қайыровты ІІ дәрежелі "Айбын" орденімен марапаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. 

"Әскери борышын атқару үстінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы, сондай-ақ, мемлекет мүддесін қорғау кезінде жасаған ерлігі үшін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі 32363 әскери бөлімі командирінің орынбасары (жауынгерлік даярлық жөніндегі) Сәндібек Ғалимоллаұлы Қайыров ІІ дәрежелі "Айбын" орденімен наградталсын (марқұм)", - делінген хабарламада.

Бұған дейін Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде Қарулы Күштер офицері қаза тапқаны хабарланды. Биыл 11 мамырда ол 40 жасқа толар еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети