14 қазан 2022 12:00

Тоқаев ТМД Мемлекет басшылары кеңесінің отырысын ашты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Telegram-канал bort_01 Фото Telegram-канал bort_01

Астанада ТМД Мемлекет басшылары кеңесінің отырысы басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астанада ТМД Мемлекет басшылары кеңесінің отырысы басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Отырыстың ашылуында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекет басшылары кеңесінің қарауына гуманитарлық әріптестік, қауіпсіздік және ынтымақтастығымыздың басқа да аспектілеріне қатысты маңызды мәселелер ұсынылғанын айтты.

"Құрметті мемлекеттер басшылары!

Қонақжай Қазақстан жеріне қош келдіңіздер.
Ең алдымен, Қазақстанның ТМД-ға төрағалығы аясындағы бастамаларын қолдап, осы күндері Астанада өтіп жатқан халықаралық іс-шараларға белсенді қатысқандарыңыз үшін шын жүректен алғыс айтамын", - деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы Кеңес мүшесі ретінде Түрікменстан Президенті, құрметті Сердар Гурбангулыұлы Бердімұхамедов отырысқа алғаш рет қатысып отырғанын айтты.

"Осы жердегі әріптестердің және өзімнің атымнан Сізге қош келдіңіз дей отырып, жауапты мемлекеттік қызметіңізге табыс тілеймін.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер басшылары кеңесінің кезекті отырысын ашық деп жариялаймын", - деп толықтырды Тоқаев.

Іс-шараға Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Түркіменстан, Тәжікстан, Өзбекстан басшылары, сондай-ақ ТМД Атқару комитетінің төрағасы - Атқарушы хатшысы қатысып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети