26 қаңтар 2021 12:34

Тоқаев Цойға берген тапсырмасын еске салды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға "СҚ-Фармация" дәрі-дәрмек дистрибьюторының қызметі бойынша тапсырмасын еске салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға "СҚ-Фармация" дәрі-дәрмек дистрибьюторының қызметі бойынша тапсырмасын еске салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"СҚ-Фармацияға" қатысты мәселе. Бұған дейін егер қажет болса функционалды қайта қарау бойынша тапсырма берген болатынмын. "СҚ-Фармацияға" қандай мін тағылғанын білесіз. Ол жерде реформа қажет", - деді Тоқаев. 

Цойдың сөзінше, Денсаулық сақтау министрлігі "СҚ-Фармацияда" сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізді.

"Бүгінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бақылауында тұрған тапсырма бойынша нақты іс-шаралар жоспары бар. Біз 23 адамнан тұратын, оның ішінде, азаматтық қоғам, қауымдастық өкілдері мен депутаттардан тұратын қоғамдық жұмыс тобын құрдық. Дәрілік заттарды сақтау және тасымалдау бойынша қызметтерді электрондық сатып алуға көшу бойынша өте маңызды. Қазір ол толығымен электрон форматта. Биыл біз дәрі-дәрмектерді сатып алу процесін автоматтандыруды және жүз пайыз онлайн-форматқа көшіруді жоспарлап отырмыз", - деді министр. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети