Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлы Отан соғысына қатысушы Кенжебай Мәденовке "Халық қаһарманы" атағын берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
"Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін Ұлы Отан соғысына қатысушы Кенжебай Мәденұлы Мәденовке (марқұм) "Халық қаһарманы" атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен "Отан" ордені тапсырылсын", - делінген жарлықта.
Кенжебай Мәденов - Ұлы Отан соғысының ардагері, Қызыл Армияның қазақ офицері және лейтенанты. Ол 1945 жылдың сәуірінде Берлинге шабуыл жасап, соңғы шайқастарда ерекше ерлік көрсеткендердің бірі болды.
Кенжебай Мәденов 1943 жылдың қарашасында майданға шақырылған. Қызметінің алғашқы айларында жараланған, бірақ емделгеннен кейін қызметке қайта оралған. Маденов Берлин үшін шайқаста екінші рет жараланған. Қиын жағдайларға қарамастан, небәрі 20 жасында ол атқыштар взводын басқарды және маңызды шабуыл операцияларына қатыстқан.
Кенжебай Мәденовтің жауынгерлік мансабы оны Дон, Донбасс, Днепр, Буг, Бессарабия, Висла және Одер сияқты негізгі майдандардан өткізіп, Берлинде аяқталған. Берлин шайқасы кезінде оның бөлімшесі көшедегі қақтығыстарға қатысқан.
Мәденовтың естеліктеріне сәйкес, оның взводы Берлин қалалық әкімшілігіне алғашқылардың бірі болып кірген. Қарқынды атыс пен ұрыс кезінде сарбаздар ішке кіріп үлгерген. Күмбезге көтеріліп, нацистік Германияны жеңуді білдіретін қызыл туды көтерген.
Соғыстан кейін Кенжебай Мәденов қызметін жалғастырып, Гурьев облысындағы мемлекеттік қауіпсіздік органдарында жұмыс істеген.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!