02 қаңтар 2020 17:00

Тоқаев Затобол кентінің атауын Тобыл деп өзгертті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ng.kz Фото ng.kz

Қостанай облысындағы Затобол ауылының атауы Тобыл деп өзгертіліп, аудандық маңызы бар қалалар санатына жатқызылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап,


Қостанай облысындағы Затобол ауылының атауы Тобыл деп өзгертіліп, аудандық маңызы бар қалалар санатына жатқызылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап,

Бұл қаулыға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.

"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес қаулы етемін: Қостанай облысы Қостанай ауданының Затобол кенті аудандық маңызы бар қалалар санатына жатқызылсын. Затобол кенті Тобыл қаласы болып қайта аталсын. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", - делінген сайтта. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети