15 сәуір 2022 21:17

Тоқаевқа 30 миллиард теңге көлеміндегі заңбұзушылықтар туралы есеп берілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Instagram © Instagram

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа 30 миллиард теңге көлеміндегі заңбұзушылықтар туралы есеп берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа 30 миллиард теңге көлеміндегі заңбұзушылықтар туралы есеп берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Президентке баяндама жасаған Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованың мәлімдемесінен белгілі болды.

Президентке биылғы бірінші тоқсандағы жоғары аудит органы қызметінің негізгі қорытындылары, сондай-ақ "Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы" атты Жолдауда берілген тапсырмалардың орындалу барысы жөнінде баяндалды.

Осы есептік кезеңде 345 миллиард теңгеден астам бюджет қаржысын қамтитын 14 нысанда 3 аудиторлық іс-шара жүргізілген. Нәтижесінде 30 миллиард теңге көлеміндегі қаржыға қатысты заң бұзушылықтар анықталған. Сонымен қатар "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасына да аралық аудит жүргізілген.

Мемлекет басшысы бүгінде жеткілікті дәрежеде тиімді болмай отырған Зерде Ұлттық ақпараттық-коммуникациялық холдингін реформалау жөнінде тапсырма берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Есеп комитетін Жоғары аудиторлық палата ретінде қайта құру жөніндегі тапсырмасының іске асырылуына қатысты Наталья Годунованың ұсынысын тыңдады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети