Тоқаевтың баспасөз хатшысы коронавирустан қалай емделіп жатқанын айтты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Коронавирус жұқтырған Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли жағдайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Коронавирус жұқтырған Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли жағдайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Менде симптомдар коронавирус анықталғаннан кейін байқала бастады. Дене қызуым жоғарылап, тамағып қышып, бүкіл денем сынып тұрғандай болады. Дене қызуымен он күндей түспей қойды, кей күні 39 градусқа жетті. Тәбетім де болмады. Дәрігерлер тексерген кезде пневмония деген диагноз қойды, хаттама бойынша ем жазып берді. Кешеден бастап қана өзімді жақсы сезіне бастадым. Дене қызуым түсіп, тыныс алуым да жақсарды.

Мені емдеп шыққан барлық дәрігерге және медициналық қызметкерге алғыс айтамын. Сол кәсібилігінің арқасында жағдайым жақсарды", - деді Берік Уәли Tengrinews.kz тілшісіне.

Ол барлық қазақстандықты өз денсаулығы мен жақындарының денсаулығы үшін карантин ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

"Әлеуметтік қашықты сақтау керек, санитар дәрігерлердің айтқандарын орындау қажет. Маска тағып, қолғап кию өте маңызды, сондай-ақ қолды үнемі дезинфекциялау керек.

Өкінішке қарай, менің егде жастағы ата-анамнан да коронавирус анықталды. Бастапқыда солардың денсаулығы үшін қатты алаңдадым. Қазіргі уақытта оларға медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Біздің дәрігерлер мен медбикелерге тағы да алғыс айтамын. Қазір ата-анамның жағдайы қанағаттанарлық. Таяуда жазылып кетеді деген сенімдемін", - деді баспасөз хатшысы.

Еске салайық, Берік Уәлидің коронавирус жұқтырғаны туралы 6 маусымда хабарланған болатын.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 510.51  course up  572.36  course up  6.34  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer