21 қазан 2019 19:58

Тоқаевтың баспасөз хатшысы Назарбаевпен келісу туралы Жарлыққа қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Нұрсұлтан Назарбаев. Фото: akorda.kz Қасым-Жомарт Тоқаев пен Нұрсұлтан Назарбаев. Фото: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" жарлығын Президенттің баспасөз қызметшісі Берік Уәли түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" жарлығын Президенттің баспасөз қызметшісі Берік Уәли түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Енгізілген өзгерістерге қарағанда, енді кейбір тағайындаулар Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасымен келісілуі тиіс. 

Еске салайық, 2018 жылдың шілдесінде Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік Кеңесін өмір бойына басқару құқығын алған еді. 

"Кейбір Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері маған Мемлекет басшысының 2019 жылдың 9 қазанындағы "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Жарлығына түсіндірме беру жөнінде өтініш жасады. Осы құжат БАҚ беттерінде түрлі пайымдар мен пікірлер туғызды. Менің ойымша, бұл Президенттің "кезекті" Жарлығы. Бұл құжатқа 2018 жылғы шілдеде қабылданған Қауіпсіздік кеңесі туралы жаңа заңның ережелеріне сәйкес қол қойылды. Аталған алқалы органның өкілеттілігін күшейту заңға сәйкес қарастырылады. Ал оны Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Назарбаев өмір бойы басқарады", - деп түсіндірді Берік Уәли.

Оның айтуынша, мемлекеттің лауазымды тұлғаларын тағайындау туралы келісім тәртібі іс жүзінде Президенттің барлық кадрлық мәселелер бойынша өз бетінше шешім қабылдауына кедергі келтірмейді.

"Елбасының өзі "Хабар" телеарнасына берген сұхбатында: "Тоқаев менімен ақылдасады. Бірақ өзі шешім қабылдайды" деген болатын. Президент Конституция бойынша еліміздің Жоғарғы Бас қолбасшысы және ол Үкіметті жасақтайды. Мемлекет басшысы - облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдерін жергілікті мәслихаттардың келісімдерімен тағайындайтын жоғары лауазымды тұлға. Сондай-ақ Президенттің құзыреті Қазақстан Республикасы Конституциясының 40-48 баптарында анық көрсетілген", - деп түсіндірді Берік Уәли.

Айта кетейік, Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы енді Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасарларын, Қауіпсіздік Кеңесі аппараты құрылымдық бөлімшелерінің жетекшілерін және олардың орынбасарларын тағайындайды. Сонымен қатар, Қауіпсіздік Кеңесімен қорғаныс министрінің бірінші орынбасары қызметіне - ҚР Қарулы күштерінің Бас штабы басшысын, қорғаныс ведомствосы басшысының орынбасарларын, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері түрлерінің бас қолбасшылары, түрлері әскерлері тектерінің қолбасшыларын, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшысын тағайындауды келісу керек.

Қазақстан Президентінің жарлығын толығырақ МЫНА ЖЕРДЕН оқуға болады.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети