27 қараша 2019 13:24

Тоқаевтың сынынан кейін Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері қызметінен кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сәдуақас Байғабылов. © kkkbtu.dsm.gov.kz Сәдуақас Байғабылов. © kkkbtu.dsm.gov.kz

Елорданың бас санитарлық дәрігері Сәдуақас Байғабылов Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сынынан кейін қызметінен кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Елорданың бас санитарлық дәрігері Сәдуақас Байғабылов Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сынынан кейін қызметінен кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Өз еркіммен Нұр-Сұлтан қаласының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы қызметінен кеттім. Еліміздің басты мегаполисінде қызмет ету үлкен жауапкершілік болды. БАҚ өкілдеріне, ақпараттық агенттіктерге, журналистерге, тілшілерге, жаңалық тарататын телеарналарға бірлесе атқарған белсенді жұмыс үшін алғыс білдіргім келеді", - деді Байғабылов. 

Сондай-ақ, ол Facebook желісіндегі  "Астана, хочу похвастать/пожаловаться" және "Астана - Что? Где? Когда?" топтарына, сондай-ақ елорда тұрғындарының департаментке қатысты сыны мен алғыстары үшін рақметін айтты. 

"Әлеуметтік желілер қазақстандықтардың қоғамдық-саяси өміріне етене байланысты және әлеуметтік желілер көптеген мәселелерді шешуде және мәселеңезді жеткізуі мен естілуіне себепші бірден-бір құрал. Мемлекеттік органдардың басшылары әлеуметтік желілердегі шағымдар мен жазбаларға дереу ден қоюы қажет. Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіні мысалында Мемлекет басшысының сынына қалмау үшін.

Мүмкін, әрбір мемлекеттік қызметкер, қандай қызметте болғанына қарамастан, Мемлекет басшысының сынына қалса, онда қызметінен кетуі керек", - деді Байғабылов. 

Сәдуақас Байғабылов Нұр-Сұлтан қаласының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы қызметіне 2018 жылы отырған еді. 2017-2018 жылдары премьер-министр Кеңсесінің әлеуметтік-экономикалық бөлімінің денсаулық сақтау секторының бас кеңесшісі болып жұмыс істеген. 

Тоқаевтың тапсырмасымен. Даудан кейін қызметінен кеткен шенеуніктер

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети