15 маусым 2021 13:07

Тоқаевтың тапсырмасынан кейін екі әкім қызметінен босатылды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Солтүстік Қазақстан облысында жүргізілген тексерістен кейін екі ауданның әкімі қызметінен босатылды. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Солтүстік Қазақстан облысында жүргізілген тексерістен кейін екі ауданның әкімі қызметінен босатылды. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Баспасөз хатшысының айтуынша, 24 мамырда "Казахстанская правда" газетінде жарияланған "Заложники равнодушия" атты мақалада Солтүстік Қазақстан облысына оңтүстік өңірлерден көшіп келушілерге арнап салынған тұрғын үй сапасының нашарлығы туралы сөз болған. Соған байланысты Тоқаев тексеру жүргізуді тапсырған болатын.

"Жүргізілген тексерулер қорытындысы бойынша мақалада келтірілген деректер расталды. Үкімет пен облыс әкімдігі кемшіліктерді жою жұмысымен айналысып жатыр. Бұл бағыттағы ұйымдастыру жұмыстарында олқылықтарға жол бергені үшін Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау және Есіл аудандарының әкімі қызметінен босатылды", - деді Берік Уәли Facebook-те.

Оның айтуынша, СҚО әкімінің орынбасары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру жөніндегі облыстық басқарманың басшысы, сондай-ақ бес ауданның әкімдері тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысындағы екі ауданда қоныс аударушылар үшін жарық пен жылуы жоқ үйлер сатып алынғаны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети