20 қараша 2020 09:01

СҚО-да әкім қоныс аударғандардың үйіне байланысты сөгіс алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының әкіміне оңтүстіктен қоныс аударғандардың үйінің нашар салынуына байланысты қатаң сөгіс жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының әкіміне оңтүстіктен қоныс аударғандардың үйінің нашар салынуына байланысты қатаң сөгіс жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін еліміздің оңтүстігінен солтүстікке мемлекеттік бағдарлама арқылы көшкен отбасы күн аязда дәретханада түнеуге мәжбүр болғанын жаздық. Себебі әкімдік салып берген үй жылымай қойған.

СҚО әкімдігі баспасөз қызметіндегілер аймақ басшысының тапсырмасы бойынша қызметтік тергеу жүргізілгенін айтты.

"Қоныс аударғандардың жеке үйін салып берген кезде жіберілген кемшіліктерді уақытылы жоймағаны үшін СҚО Аққайың ауданының әкімі Елубаев Рүстем Мұқашұлына қатаң сөгіс жарияланды. Салынған үйлердегі кемшіліктерді тез арада жою тапсырылды. Аймақ басшысы аудан әкімдері мен мемлекеттік орган басшыларына жауапкершілік туралы ескертті, тіпті жұмысынан босатылатынын айтты", - делінген ресми хабарламада.


Аққайың ауданының әкімі Рүстем Елубаев. Фото inform.kz

Liter.kz мәліметінше, 19 қарашада өткен әдеп жөніндегі кеңесте "шенеуніктер оңтүстіктен қоныс аударғандар үшін 32 үй салуға облыс бюджетінен 224 миллион теңге жұмсаған, алайда құрылыс бір жылға да жарамай қалды". 

"Шағымданушылар Рустем Елубаев (аудан әкімі) кездесуде қарамағындағы адамдардың көзінше дауыс көтеріп, қоныс аударушыларға: "Мен сендерді шақырмадым. Қаласаңыздар, кете беріңіздер, мен билет алып беруге көмектесемін" деген. Біреу оның айтқанын басқаша түсіндірді: "Мен ешкімді ұстап тұрған жоқпын, кетуіңізге болады, өзім билет алып беремін. Қайда шағымдансаңыздар да, соңында арыздар менің алдыма келеді. Нәтижесінде мен шешемін", - деп жазды басылым.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от РОО URANkz (@urankz)

Айта кетейік, республикалық URAN қоғамдық бірлестігінің белсенділері СҚО-дағы Астраханка ауылына арнайы барып, қоныс аударғандардың жағдайын көрді. Бұған дейін URAN ұйымының мүшелері аймақтарда тұратын қазақстандықтар өз мәселелерін айтуы үшін +7 702 917 15 28 WhatsApp нөмірі мен Telegram желісіндегі байланысын жариялаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети