24 мамыр 2021 11:08

Тоқаев СҚО-ға қоныс аударғандардың шағымы бойынша тапсырма берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: akorda.kz Фото: akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев СҚО-ға қоныс аударған адамдар үшін салынған тұрғын үйлердің сапасын тексеруді тапсырды. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев СҚО-ға қоныс аударған адамдар үшін салынған тұрғын үйлердің сапасын тексеруді тапсырды. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысы "Казахстанская правда" газетінде 24 мамыр күні жарияланған "Заложники равнодушия" атты мақалада айтылған мәселеге назар аударды. Президент Әкімшілігіне Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданына қоныс аударған азаматтарға арналып салынған тұрғын үйлердің сапасын тексеру туралы тапсырма берілді. Тексеру жұмыстарының қорытындысы бойынша тиісті шара қолданылады", - деп жазды Берік Уәли Facebook-те.

Бұған дейін еліміздің оңтүстігінен солтүстікке мемлекеттік бағдарлама арқылы көшкен отбасы күн аязда дәретханада түнеуге мәжбүр болғанын жаздық. Себебі әкімдік салып берген үй жылымай қойған.

СҚО әкімдігі баспасөз қызметіндегілер аймақ басшысының тапсырмасы бойынша қызметтік тергеу жүргізілгенін айтты.

Кейін Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының әкіміне оңтүстіктен қоныс аударғандардың үйінің нашар салынуына байланысты қатаң сөгіс жарияланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети