Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Тоқтар Төлешовтің Ресеймен қандай байланысы бар екендігі белгілі болды

07 Маусым 2016, 10:07
3
Тоқтар Төлешов. © "Астана" телеарнасы / YouTube
Тоқтар Төлешов. © "Астана" телеарнасы / YouTube

Таяуда Бас прокуратурада Тоқтар Төлешовтің ісінің мән-жайы айтылған баспасөз мәслихаты өткен еді. Онда ҰҚК баспасөз қызметінің өкілі Руслан Карасев шымкенттік кәсіпкер Тоқтар Төлешовтің "Қазақстанда билікті зорлықпен құлатуға" дайындалғанын мәлімдеді. Айтуынша, оның әрекеттерінің жоспары елдегі жағдайды шиеленіс ошақтарын құру, наразылық акцияларын және жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру жолдарымен тұрақсыз етуге негізделген. Айта кетейік, Төлешов 2016 жылы қамауға алынған болатын. 

"Медуза" порталы Төлешовтің кім екенін және оның Ресеймен қандай байланысты екенін, сонымен қатар кәсіпкердің неліктен түрмеге түсіп қалғанын анықтады. 

Нақтырақ айтқанда, басылым Төлешовтің Ресей азаматы болған өзбек кәсіпкері Гафур Рахимовпен байланысын атап отыр. "2007 жылы наурызда оны Кәсіпқой бокс халықаралық ассоциациясының комитеттерінің бірінің басшысы етіп сайлады (AIBA). Сол жақта ол AIBA атқарушы директоры қызметінде болған Рахимовпен кездеседі. 2009 жылы олардың туған күнді бірге атап өткені белгілі, Рахимов бұл кешке шымкенттік номері бар "роллс-ройспен" келген. Үш жылдан кейін Рахимовты АҚШ билігі "Братский" круг" халықаралық ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшілерінің бірі және Ауғанстаннан героинді Қазақстанға, Ресейде және Батыс Еуропа елдеріне жеткізуді бақылап отырғандардың бірі деп атады", - делінген мақалада. 

Басылым тілшісінің айтуынша, соңғы жылдары Төлешов Ресеймен байланысты ұйымдарда ондаған ұйымда қызмет етті. Шымкенттік кәсіпкер Қазақстандағы казак қоғамдық бірлестіктері Одағының жоғарғы атаманының кеңесшісі болған, ал оның міндеттеріне Ресеймен "қарым-қатынасты нығайту" кірген, сонымен қатар Қазақстандағы Ресей журналистері Одағының атынан сөйлеп, "Қазақстандағы орыс қауымы" қызметіне қатысқан.  

2012 жылы Төлешов Олег Зенорға сұхбат беріпті. Онда қазақстандық кәсіпкер өзінің неліктен Қазақстан азаматы бола тұра, ресейлік парламентте кеңесші болып қызмет ететінін, сонымен қатар өз отанында қазақ тілінің таралуына қарсы екендігін түсіндіреді. "Орыс тілін ығыстыру басталғанда, істің арты қиын болуы мүмкін, ал мұны біз Қазақстанда байқап отырмыз", - деп келтіреді портал кәсіпкердің сөзін. 

2013 жылы кәсіпкер "Евразийская интеграция. Построение будущего" кітабын шығарды. Онда автор мемлекеттердің дербестігіне нұқсан келтіре отырып, "еуразиялық интеграция" идеалдары жайлы айтады. 

Еске салайық, белгілі кәсіпкер Тоқтар Төлешов 2016 жылдың 30 қаңтарында Шымкентте арнайы операция кезінде ұсталған болатын. Тінту кезінде үйінен және жұмыс орнынан қару-жарақ, есірткі заты және оқу құралдары анықталып, тәркіленген еді. Кәсіпкермен бірге үш адам ұсталды. 


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (3)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай