Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Төлешов жер мәселесі бойынша сотта жауап берді

17 Қазан 2016, 19:28
1

Тоқтар Төлешов Атырауда өтіп жатқан Макс Боқаев пен Талғат Аянға қатысты сот отырысында жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, кәсіпкердің прокурорларға берген жауаптары Facebook желісінде көрсетілді.

Тоқтар Төлешовтің айтуынша, ол Макс Боқаевпен де, Талғат Аянмен де таныс болмаған. Кәсіпкер ақшаларды Талғат Аянға біреу арқылы берген.

"Мен интернеттен жер реформасы туралы кейбір мәліметтерді алдым. Барлық материалды конвертке салып, Нұрғалиға "Волковтан 150 мың доллар алып, оның 100 мыңын жібер, ал 50 мың доллары өзінде қалсын. Қалғанын сосын айтам" дедім. Нұрғали ол ақшалардың кімге жіберіліп жатқанын, ол қандай мақсатта және не үшін екенін де білмеді. Содан Жаңа жыл өткен соң, Нұрғали маған келді. Ақшаның алушыға жеткізілгенін айтты", - деді Төлешов.

"Жер мәселесі. Себебі, қазақтар өз жерлері үшін соңына дейін барады. Жер мәселесіне қатысты халық арасындағы шу мен олардың наразылығы... Бұл кез келген қазақ үшін жанға тиетін мәселе. Сондықтан да мен осы мәселені қозғауды жөн көрдім. Және маған да шетелдіктердің біздің жерімізді алатыны жайлы әңгімелері аса ұнамады. Мен қазір де жеріміздің шетелдіктердікі болуын қаламаймын", - деп жауап берді кәсіпкер прокурордың қойған сұрақтарына.

Сонымен қатар, Төлешов өзінің вице-президент болғысы келгендіктен осы митингті қаржыландырғанын мойындады.

"Бұл менің беделімді көтеру үшін жасалды. Бұл митинг менің қоғам қайраткері, Қазақстандағы танымал адамдардың бірі болуым үшін керек болды. Ал басқа жағынан алып қарайтын болсақ, бұл менің азаматтық позициям, яғни мен жердің шетелдіктерге сатылуын қаламаймын. Егер де қазір елімізде вице-президент деген қызмет енгізілетін болса, менің кандидатурам қаралатын еді. Мен вице-президент болуға ұмтылдым. Қазір енді білмеймін, бірақ сол уақытта мен вице-президент болуды қаладым", - деді кәсіпкер.

Еске салайық, 24 сәуірде жер мәселесі бойынша митингке Макс пен Талғатпен қатар мыңдаған адам шыққан болатын. Алайда қала әкімдігі митинг өткізуге ресми түрде тыйым салған еді. Кейін - 18 мамырда Макс пен Талғат, олардың бірнеше жақтаушысы заңсыз митингке қатысуға шақырды деп қамауға алынған болатын. 24 мамырда Аян мен Боқаевқа қатысты соталды тергеудің басталғаны белгілі болды.  

Ал 3 маусымда Атырау қалалық №2 соты Макс пен Талғатқа қатысты екі айға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай