18 сәуір 2022 17:07

"Толған тарақан". Шымкентте облыстық балалар ауруханасындағы жағдай жұртты шошытты

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Коллаж: Tengrinews.kz Коллаж: Tengrinews.kz

Шымкент облыстық балалар ауруханасында тарақандар қаптап жүр. Бұл туралы осы ауруханада баласы жатқан ана блогер Дәулет Төлеутайұлына (Dauletten) шағымданып жазған. Келіншек тарақандар баласының құлағына кіріп кете ме деп алаңдайды. Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасы жағдайға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Шымкент облыстық балалар ауруханасында тарақандар қаптап жүр. Бұл туралы осы ауруханада баласы жатқан ана блогер Дәулет Төлеутайұлына (Dauletten) шағымданып жазған. Келіншек тарақандар баласының құлағына кіріп кете ме деп алаңдайды. Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасы жағдайға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Блогер Дәулет Төлеутайұлы Instagram-дағы парақшасында Облыстық балалар ауруханасында түсірілген видеоны жариялады. Онда бала жатқан бөлменің әр жерінде тарақандар жүргені айқын көрінеді. "Жалпы, тазалық деген қайда?! Бөлінетін ақшалар қайда кетіп жатыр?" дейді блогер. 

"Шымкенттің Облыстық балалар ауруханасы толған тарақан! Дамыған 50 елдің қатарында аурухананың тарақандарымен бірге жүрміз ба деймін да. Ұйқы жоқ. Тарақандар баламның құлағына кіріп кете ме деп аңдумен отырмын", - деп жазған әйел блогерге.

Алдымен ауруханадағы санитар әйелге шағымданған ана олар бар жауапкершілікті "жоғарыға" сілтегенін айтты, санитардың сөзінше, "дәрілемей отырған өздері".

"Келіп жатқан Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменттері, комиссия не қарап кетіп жатыр сонда?", - дейді келіншек. 

Суреттер: Дәулет Төлеутайұлынан

Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі жағдайға қатысты пікір білдірді. Олардың сөзінше, дезинфекция, дезинсекция, дератизация жұмыстары айына бір рет жүргізіледі. 

"ШЖҚ "Облыстық балалар ауруханасы" МКК әкімшілігі Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 28 тамыздағы №ҚР ДСМ-8 "Дезинфекция, дезинсекция мен дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары" бұйрығы негізінде, 2022 жылдың басынан бастап "ДезМедШымкент" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі №7 санитариялық қызметтерді (дезинфекция, дезинсекция, дератизация) осы бұйрыққа сай кесте бойынша айына бір рет жүргізіп жатыр", - деді ведомство өкілдері.

Келісімшарт негізінде 27 қаңтарда, 25 ақпанда және 29 наурызда залалсыздандыру жұмыстары атқарылғаны хабарланды.

"Бірақ бұндай жағдай бізде бұрын анықталған емес. Көрсетілген видео және ақпарат бойынша тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мәселе бақылауға алынды", - деді Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасындағылар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.1   490.7   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети