Тоқаев рельстегі жол апатынан қаза тапқан адамның туыстарына көңіл айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев рельстегі жол апатынан қаза тапқан адамның туыстарына көңіл айтты

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысында пойызбен болған төтенше жағдай салдарынан қаза тапқан адамның туыстарына көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысында пойызбен болған төтенше жағдай салдарынан қаза тапқан адамның туыстарына көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Алматы обл. Ақсеңгір-Шамалған теміржол өткелінде поезд автобусқа соқтығысты. Автобуста 67 адам болған. Бір адам көз жұмды, жарақат алғандар бар. Туған-туыстарына көңіл айтамын. Тергеу жұмысы басталды", - деп жазды Тоқаев Twitter желісіндегі парақшасында. 

Еске салайық, төтенше жағдай "Екатеринбург-Алматы" тасжолының 2449-шақырымында Шамалған станциясында 15 қыркүйекте сағат шамамен 19.20-да болған. Автобус жүргізушісі дабылға қарамастан теміржолға өтіп кеткен. Нәтижесінде автобус пойызбен соқтығысқан. Апат салдарынан автобус жүргізушісі қаза тауып, үш адам зардап шеккен. Төтенше жағдай бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. 

Алматы облысындағы төтенше жағдайды прокуратура бақылауға алды

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети