15 қыркүйек 2019 20:36

Алматы облысындағы төтенше жағдай: Автобус жүргізушісі қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында автобусты пойыз соғып өтіп, оның салдарынан автобус жүргізушісі қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматы облысында автобусты пойыз соғып өтіп, оның салдарынан автобус жүргізушісі қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Алдын ала мәліметтер бойынша, Шамалған станциясындағы жол-көлік оқиғасынан бір адам қаза тапты және 9 адам зардап шекті. Оқиға орнында жедел жәрдем қызметі жұмыс істеп жатыр. Сонымен қатар, оқиға орнында Қарасай ауданының әкімі Жандарбек Далабаев бар. Алдағы ауруханалар күшейтілген тәртіпке өтті", - деп хабарлады облыс әкімдігіндегілер.

Ал мұның алдында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі оқиғаның мән-жайын айтқан еді. Төтенше жағдай "Екатеринбург-Алматы" тасжолының 2449-шақырымында Шамалған станциясында 15 қыркүйекте сағат шамамен 19.20-да болған. 

"Автобус жүргізушісі дыбыс белгісіне қарамай, теміржолға шығып кеткен. Салдарынан пойыз автобусты соққан", - деп хабарлады индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кеңесшісі Руслан Иманқұлов.

"Алматы облысы ТЖД Қарасай ауданы Шамалған станциясының теміржол жолында болған оқиғаға байланысты жедел штаб құрылды. Байланыс телефондары (87282) 220213, 220018. Сондай-ақ, Алматы қаласы ТЖД-де (8727) 2782083, 2782084 телефондары бойынша жедел байланыс ұйымдастырылды", - деп хабарлады ТЖК өкілдері.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Чималганский переезд

Публикация от Алматы | Almaty | Крисп (@almaty_dtp_rezerv)

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.08   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети