Төреғали Төреәлі залда отырған көрерменнен кешірім сұрады. Видео

04 Қаңтар 2018, 09:33
0
Төреғали Төреәлі залда отырған көрерменнен кешірім сұрады. Видео -

Қазақстандық әнші Төреғали Төреәлі көрермендерден кешірім сұрады. Бұл видео әртістің ақындардың республикалық айтысында өнер көрсету кезінде түсірілген. Көрермендердің бірі Төреғалидің сөздерін видеоға түсіріп, YouTube хостингіне жариялаған.

"(...) Сіздер қалайсыздар? Барлығы жақсы ма? Менен басқа не жаңалық бар? Бұл мен үшін жігерлендіру болды. Сіздердей қолдайтын ел-жұрт барда, қолдайтын Алла барда мен еңсемді тіктеп, биік ұстаймын. Қазақта бір жақсы сөз бар ғой: "Өзінің туған жерінің тасына сүрінгенмен, ер-жігіттің аяғы ақсамайды". Мұның бәрі мен үшін үлкен сабақ болды. Бұлттан биік болсам да, ұлттан биік емеспін, ағайын", - деді әнші.

"(...) Мен сіздерді жақсы көремін. Кешірім сұраймын. Кешіріп қойған сияқтысыздар өзі. Ағайыным, жаным, мен сіздерді жақсы көремін. Тағы да ән сұрап отырғандарыңыздан айналайын", - деді Төреғали Төреәлі

Еске салайық, 21 желтоқсан күні Төреғали Төреәлі Павлодар қаласында Естай атындағы мәдениет сарайында "Айхай-25" атты ән кешін өткізген болатын. Концерт кезінде көрермендердің бірі өзін Қызылордадан келгенін айтып, әншіден суретке түсе бермей, ән айтуы керектігін ұрысып айтқан. Сахнада тұрған Төреғалидің жауабы қалың жұртшылыққа ұнамаған болатын. Келесі күні әнші Іnstagram-да тікелей эфирге шығып, жазылушыларынан кешірім сұрады.

Жаңа видео: Концертте Төреғали Төреәліге көрермен не деп айғайлады?


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай