Төрт облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Төрт облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды Сурет: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Синоптиктер Қазақстанның төрт облысында ескерту жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК орталығына сілтеме жасап.


10 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Оралда тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Дауылдың ықтималдығы 85-90 пайыз.

Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түседі. Шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерде екпіні секундына 15-20 метр. Дауыл ықтималдығы 70-75 пайыз.

Ал Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, боран соғады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығыс желіне алмасады, кей жерлерде екпіні секундына 15-20 метр болады. Қостанайда боран соғады. Жел екпіні секундына 15-20 метр. Дауылдың ықтималдығы 90-95 пайыз.

Ал Солтүстік Қазақстан облысында қар жауады. Кей жерлерде тұман түсіп, боран соғады. Оңтүстік-батыс желі оңтүстік-шығыстан соғатын желге алмасып, кей жерлерде жылдамдығы секундына 15-20 метр болады. Петропавлда бұрқасын болып, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні секундына 15-20 метр. Дауылдың ықтималдығы 90-95 пайыз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также

Валюта бағамы

 466.22   532.57   5.95 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +20
Астана +20
Ақтау +25
Ақтөбе +20
Атырау +27
Б
Балқаш +19
Ж
Жезқазған +17
Қ
Қарағанды +20
К
Көкшетау +20
Қ
Қостанай +20
Қызылорда +20
П
Павлодар +19
Петропавл +20
С
Семей +22
Т
Талдықорған +22
Тараз +22
Түркістан +22
О
Орал +22
Ө
Өскемен +23
Ш
Шымкент +21

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер